ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) ресімделген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешім не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша жазбаша нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.