ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
4-қосымша
«Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы бұйрығымен ресімделген шешім не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз нысанында ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда почта арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді.