Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 6-қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 29 июля 2014
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

6-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті (бұдан әрі - Департамент) ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) тіл және ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.

4. Департамент:

1) Тіл басқармасынан;

2) Баспасөз қызметі басқармасынан тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндеті: тіл саясаты саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ ІІО-да мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1) ІІМ-нің орталық аппаратында, оның аумақтық және көліктегі бөліністерінде мемлекеттің тіл және ақпараттық саясатын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, ІІМ бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау, олардың талаптарын бұзуды жою туралы ұсынымдар беру;

2) ІІО-да мемлекеттік тілде іс жүргізуді және оны одан әрі жетілдіруді бақылау.

6. Міндеті: өз қызмет бағыттары бойынша ІІМ-нің бөліністері мен білім беру мекемелеріне, оның аумақтық және көліктегі бөліністеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Функциялары:

1) ІІМ орталық аппаратының, оның аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өткізу және талдау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом