Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 8-қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 29 июля 2014
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (бұдан әрі - ТҚД) ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін техникалық және телекоммуникациялық сүйемелдеу, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында құрылған Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. ТҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. ТҚД-ның құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. ТҚД:

1) басшылықтан;

2) ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен;

3) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасынан;

4) Пайдалану басқармасынан;

5) Өңірлермен жұмыс басқармасынан;

6) Озық технологиялар басқармасынан тұрады.

 

 

2. ТҚД-нің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті: ақпараттық қауіпсіздік технологиялары мен талаптарының қазіргі заманғы даму деңгейін ескере отырып, ішкі істер органдарын техникалық және телекоммуникациялық қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясат қалыптастыру және жүзеге асыру, оның принциптерінің сақталуын және негізгі бағыттарының іске асырылуын бақылау.

Функциялары:

1) ішкі істер органдарының телекоммуникациялық кешенінің перспективті және ағымдағы дамуын айқындайтын тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарды, оны дамытудың қағидаттары мен негізгі бағыттарын әзірлейді, оларды іске асыру барысын бақылауды жүзеге асырады;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом