«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 355 бұйрығы
Кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамына:
Балықбаев Такир Оспанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға;
Шаймарданов Жасұлан Құдайбердіұлы - Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;
Нарбекова Бану Мұхатайқызы - Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті Білім беру мазмұны және әдістемесі басқармасының басшысы, хатшы;
Жолдасбаев Сансызбай Елеусізұлы - Ғылым комитетінің төрағасы;
Оразалиева Забира Жандарқызы - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы;
Жылбаев Жанбол Октябрұлы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті;
Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының міндетін атқарушы;
Ботабеков Әділбек Қожабекұлы - Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ректоры;
Қуанышев Бақытжан Мұханбетұлы - М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры;
Даирова Қадиша Нұрділдәқызы - «Назарбаев Университеті» студенттік істері, халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша);