Введите номер документа
Прайс-лист

Қалалық, аудандық, желілік аумақтық ішкі істер органы туралы үлгілік ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 1-қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 29 июля 2014
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қалалық, аудандық, желілік аумақтық ішкі істер органы туралы

үлгілік ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Қалалық, аудандық, желілік аумақтық ішкі істер органы (бұдан әрі - (Ж)ІІО) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін және Ішкі істер департаментіне (бұдан әрі - Департамент) бағынышты мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. (Ж)ІІО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. (Ж)ІІО мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, өзінің қызметін жүзеге асыруға қажетті басқа да мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

(Ж)ІІО өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. (Ж)ІІО-ның азаматтық-құқықтық мәмілелері олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөліністерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

(Ж)ІІО оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан түсуге құқығы бар.

4. (Ж)ІІО-ның құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

5. (Ж)ІІО заңды мекенжайы: __________________________________________.

6. (Ж)ІІО-ның толық атауы ___________________________________________.

7. (Ж)ІІО өз құзіреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте бұйрық нысанында құқықтық актілер шығарады.

8. Осы ереже (Ж)ІІО-ның құрылтай құжаты болып табылады.

9. (Ж)ІІО-ның қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом