Введите номер документа
Прайс-лист

«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 2 июля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 августа 2015

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің

2014 жылғы 2 шілдедегі

№ 298 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті (бұдан әрі - ҚҚС куәлігі) беру, ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару, не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етуі, не сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің салық төлеушінің тегінің, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) немесе атауының өзгергені туралы мәліметтердің болуы (ҚҚС куәлігін ауыстыру үшін) негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің рәсімі (іс-қимылдары):

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом