Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «_________ мекемесі» (түзеу мекемесі) республикалық мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 2-қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 29 июля 2014
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің

«_________ мекемесі» (түзеу мекемесі) республикалық мемлекеттік мекемесінің

үлгілік жарғысы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «____ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі қылмыстық жазаларды орындау саласында атқарушылық функцияларды қамтамасыз ететін, мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесін иеленген коммерциялық емес ұйым болып талыбады.

2. Мекеменің құрылтайшысы болып Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.

3. Мекемеге қатысты уәкілетті орган заңнамада белгіленген басқарманың жоғары тұрған органы болып табылады.

4. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

5. Мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «______ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: республиканское государственное учреждение «Учреждение» Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

6. Мекеменің мекен-жайы:, Қазақстан Республикасы, ____________ облысы, _______ қаласы, ______ көшесі.

 

 

2. Мекеменің заңды мәртебесі

 

7. Мекеме заңды тұлға құқығына оның мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап ие болады.

8. Мекеменің заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, аумақтық қазынашылық органдарында шоттары, бланктері, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атаулары жазылған мөрлері мен мөртаңбалары болады.

9. Мекеме заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады.

11. Мекеменің келісім міндеттемелері бойынша жауапкершілігі заңнамаға сәйкес ұстауға бекітілген міндеттер жөніндегі қаржыландыру жоспары шектерінде туындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом