Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 50/02 қаулысымен бекітілді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 Қаулысымен күші жойылды
«Ветеринариялық анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ветеринариялық анықтама (бұдан әрі - анықтама).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына немесе лауазымды адамына жолдауды іске асырады. Нәтижесі - жауапты орындаушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына немесе оның лауазымды адамына жолдайды;