Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан № 18 Қаулысы
(2013.25.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмірімен тіркелген) 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысында айқындалған ұғымдар пайдаланылады деп бекітілсін.
2. Екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банкі және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік заем операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - банк) жасасатын банктік заем шарты (бұдан әрі - шарт) шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген талаптардан, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптардан, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптардан тұрады:
1) шарттың жалпы талаптары;
2) заемшының құқықтары;
3) банктің құқықтары;
4) банктің міндеттері;
5) банк үшін шектеулер;
6) міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығы;
7) шарт талаптарына өзгерістер енгізудің тәртібі;