Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 338 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 272 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін және жауапты орындаушысын анықтау үшін жолдау. Нәтижесі - құжаттарды қабылдау және тіркеу. Ұзақтығы - 10 (он) минуттан аспайды;
2) құжаттарды қарау және жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі - жауапты орындаушыны анықтау. Ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күннен аспайды;