Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
| «Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары | Үкімет | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы» |
деген жол алып тасталсын;
мына:
| «Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары | Үкімет | Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары | Әкімшілік Басшысы» |
деген жол алып тасталсын;
мына:
| «Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы», |
| «Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары | министрлер | | Әкімшілік Басшысы» |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
| «Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы», |
| «Сыртқы істер министрлігі комитеттерінің төрағалары | Министр | | Әкімшілік Басшысы»; |
мына: