ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 298 бұйрығына
27-қосымша
«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толық немесе ішінара қайтару туралы шешім (бұдан әрі - қайтару туралы шешім);
2) салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына ұлттық валютада жүргізілетін төлем көзінен ұсталған табыс салығының төленген сомаларын қайтару;
3) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - қайтарудан бас тарту туралы шешім);
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша салық органының салықтық өтінішті қараудан уәжделген бас тартуы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште табыс етуі негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің рәсімі (іс-қимылдары):
1) көрсетілетін қызметті берушінің іс-қағаздарды жүргізуге жауапты қызметкері: