Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 августа 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 марта 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның Паспорты» деген бөлімде:

бағдарламалық мақсаттарда:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру;»;

міндеттерінде:

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;»;

жетінші абзац алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;

республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;

мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;

мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру;

инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру);

оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;»;

нысаналы индикаторларда:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом