Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 8 қазандағы № 247 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 06-01-02/286 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің №8-9 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер -
«123 749 941,9» деген цифрлар «122 719 802,9» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша -
«37 457 196,7» деген цифрлар «35 738 221,8» деген цифрлармен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер бойынша -
«483 041» деген цифрлар «1 172 220» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 407 мың теңге»;
трансферттер түсімдері бойынша -
«85 809 704,2» деген цифрлар «85 808 954,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар -
«129 512 600,9» деген цифрлар «128 423 469,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру -
«4 778 006,7» деген цифрлар «587 127» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«5 004 954» деген цифрлар «4 988 954» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«226 947,3» деген цифрлар «4 401 827» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
«863 623» деген цифрлар «903 490» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 133 мың теңге»;