Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 23 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 24 сентября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 24 сентября 2014
Дата последнего изменениясреда, 24 сентября 2014

«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 23 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 тіркелген, 2011 жылғы 20 шілдеде № 101 (2092) «Юридическая газета»; 2011 жылғы 21 қыркүйекте № 304 (26695) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасында:

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. КБ бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізеді.

10. Екі жылда бір рет 31 қаңтарға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда КБ қағидаттарын енгізуге алдын ала мониторинг жүргізу ақпараты және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарының негізінде мониторингілеуге жататын объектілердің тізбесі қалыптастырылады. Бағалау ішінара жүргізіледі, акционерлік қоғамдардың жалпы санынан кемінде 5% қызметтің түрлі салаларының Объектілерін қамтиды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом