Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 129/4 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2014 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында, соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіз болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес.