Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 370 қаулысымен бекітілген
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (ары қарай - стандарт) штат кестесі бойынша психиатр-дәрігер көзделген Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына (бұдан әрі -қызметті беруші) тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - психиатр-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен қызметті берушінің мөрімен стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған стандарттың 1-қосымшасына сәйкес психоневрологиялық диспансердің берген анықтамасы.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)
мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: