Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтініш субъектінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.В.Кимнің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ.Сәрпековтің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдинаның,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымовтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сәрсембаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың,
«Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестіктің президенті Ө.Қ.Қопабаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.