Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5/1 Қаулысы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 109/3 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3762 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Сарыарқа Самалы» газетінде, 2014 жылғы 24 сәуірде «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақ келесі мазмұндағы 57), 58), 59), 60) тармақшалармен толықтырылсын:
«57) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;