Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 11 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:
Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 45 (қырық бес) пайыз;
Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 20 (жиырма) пайыз;
Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз