Введите номер документа
Прайс-лист

«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1-қосымша) (2026.15.03. берілген өзгерістермен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 28 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 14 июня 2020
Дата последнего изменениявоскресенье, 15 марта 2026

ҚР Әділет министрінің 2026.25.02. № 191 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2020 жылғы 28 мамырдағы

№ 61 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету

қағидалары»

(2026.15.03. берілген өзгерістермен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы - кәсіптік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлға;

2) тестілеу операторы - тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және «Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету» АЖ техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;

3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

4) портал - «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.

5) «бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны.

 

 

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами