«Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №21/237 «2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 27/284 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. «2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/237 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3773 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 41 092 020,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 24 039 513,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 111 191,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 631 048,5 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 16 310 266,5 мың теңге;
2) шығындар - 38 654 306,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 003 121,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 003 787,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 665,6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 565 407,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 565 407,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 4 003 787,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 448 096 мың теңге;