Осы редакция 2016 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 205 қаулысымен
бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішінің және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: