Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № С-15/2 шешімі
Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 76 671 565,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 53 033 205,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 349 488,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 473 679,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 17 815 193,3 мың теңге;
2) шығындар - 89 689 676,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 328 541,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 86 920,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 415 461,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -12 689 570,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 689 570,2 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 322 564,6 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 1 046,9 мың теңге сомасында;
абаттандыру мен көгалдандыруға 158 740,5 мың теңге сомасында;
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 1 382,8 мың теңге;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 161 394,4 мың теңге сомасында;
2) 35 350,3 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 15 012,3 мың теңге сомасында;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 10 800,0 мың теңге сомасында;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 9 538,0 мың теңге сомасында;