«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
6-тармақтың екінші бөлігінің 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 67) және 68) тармақшалармен толықтырылсын:
«67) күзет бекеті - объектіні немесе оның бөлігін күзетуді қамтамасыз ететін полиция жасақшасы;
68) бақылау мұнарасы - күзетілетін объектінің/аумақтың периметрін бақылауға және дабыл сигналдарын беруге арналған құрылыс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.