«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 355-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 1360 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: