«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 692 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 1031 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерде:
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Ұлттық әскери-патриоттық орталық»;
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Орталық ансамбль»;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Филиалдың эстрадалық-би тобы»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Репетиторлық көрсетілетін қызмет»;
5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Орталық әскери оркестр»;
6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-параграф. Филиалдың әскери оркестрі»;
мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік әскери-тарихи музей
| Р/с № | Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігінің құны, теңге |
| 1. | Кіру билеті | | |
| Ересек адамдарға | 1 билет | 500 |
| Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 300 |
| Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 200 |
| 2. | Ұжыммен бару үшін экскурсия (5-тен 20 адамға дейінгі топта) | | |
| Ересек адамдарға | 1 билет | 600 |
| Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 400 |