Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.22.10. № 59/04 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 52/04 қаулысымен
бекітілді
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 47/02 Қаулысымен күші жойылды
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.22.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Туризм саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген) бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.