Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 943 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 28 декабря 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 30 декабря 2021
Дата последнего изменениявторник, 28 декабря 2021

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 943 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

76-1. «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен тілдерді дамыту саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар жұмыскерлер, тіл саясатын дамытуға ерекше үлес қосқан және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін азаматтар марапатталады.»;

«Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Құрметті метролог» төсбелгісі

82-1. «Құрметті метролог» төсбелгісімен метрология саласындағы заңнамалық және нормативтік негіздерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлегені, көп жылдық және жемісті жұмысы үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар мамандар, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.»;

«Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 82-3-тармақпен толықтырылсын:

«Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом