«Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 15/4-VI шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VI шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3176 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы № 6 «Өскемен», № 6 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан:
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға - 67 000 теңге;