«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 421 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1171 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоайлақ - әскери қызметшілерде автомобильдерді, шынжыр табан тартқыштар мен транспортерлерді жүргізуге оқытып-үйрету және дағдыларын жетілдіру үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі;
2) әскери атыс алаңы - бөлімшелер әскери қызметшілерінің атыс қаруынан, қол, станокты және ұңғыасты гранатаатқыштарынан оқу-жаттығу және бақылау оқ атулары жаттығуларын, жауынгерлік қол гранаталарын лақтыру бойынша жаттығуларды орындауы үшін арналған жергілікті жер учаскесі;
3) әуе авиациялық полигоны - әуеден оқ атуларды, «әуе-әуе» сыныбындағы басқарылатын зымырандарды әуеде радио басқарылатын, парашюттік нысаналармензымыран-нысаналар бойынша ұшуды, қарудан оқ атуды жүргізу үшін, сондай-ақ зениттік зымыран бөлімдері мен бөлімшелерінің, зениттік артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің оқ атуларды жүргізуі және әуедегі нысаналар бойынша зымырандарды ұшыру үшін жабдықталған әуе кеңістігі бар арнайы бөлінген жергілікті жер учаскесі;