«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 206 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауру жануар - жануардан немесе жануарды сою кезінде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды) органдарды зерттеу) немесе түсіктен алынған биологиялық (патологиялық) материалды серологиялық, бактериологиялық әдістермен немесе полимеразды-тізбектік реакциямен (бұдан әрі - ПТР) зерттеу нәтижесінде анықталған, ағзасында ауру қоздырғышы табылған жануар;
2) вакциналанатын саламатты эпизоотологиялық бірлік - диагностикалық зерттеулердің топтық теріс нәтижесіне қол жеткізілген, бруцеллез инфекциясының бар екендігін білдіретін басқа белгілер жоқ, бірақ қоздырғыштың ену қаупі бар және осыған байланысты вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын);
3) қосымша диагностикалық зерттеулер - ПТР әдісімен зерттеу немесе биологиялық сынамамен (бұдан әрі - биосынама) бактериологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде эпизоотологиялық бірліктің саламатсыздық мәртебесі анықталмаған, бірақ алғашқы диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар бар, бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірліктегі жануарлар басына зертханалық бақылау жүргізу.
Бұл жағдайларда жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеудің баламасы ретінде енгізілетін шара болып табылады.