Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 және «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 11 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12303 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жасанды төсемді әуеайлақтарды және ұшу-қону жолақтарын сыныптау»;
«2-тарау. Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері»;
«3-тарау. Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің беріктігі және топырақты ұшу-қону жолағының көтергіштік қабілеті»;
«4-тарау. Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің және топырақтық беттерінің жай-күйі»;
«5-тарау. Кедергілерді анықтау»;
«6-тарау. Кедергілерді шектеу»;
«7-тарау. Кедергілерді есепке алу және жою»;
«8-тарау. Жалпы талаптар»;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: