Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/637 қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/581 Қаулысымен күші жойылды
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.15.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдары арқылы (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.15.08. № 3/388 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.15.08. № 3/388 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік корпорацияда - диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы анықтама беру;
денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы психиатр дәрігердің анықтама беруі.