«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 7-1/1041 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық анықтаманың бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі.
Ветеринариялық құжаттың нөмірі мыналарды қамтитын әріптік және сандық символдардан (символдар дефис арқылы бөлінеді) тұрады:
алдыңғы екі символ - ҚР литерлік коды (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның - ISO кодына сәйкес келетін екіәріптік қысқарған атау);
үшінші символ - облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;
төртінші-бесінші символдар - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
алтыншы-он бірінші символдар - құжаттың реттік нөмірі.