Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат; 2004 ж., № 21, 265-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2013 ж., № 19, 322-құжат; № 68, 905-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережеде:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 8-1-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «А» корпусының кадр резервінде болу мерзіміне алынады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервіне алу үшін ұсыным берген;»;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тәртіпте тағайындалады.