05.05.2023
Заместитель Премьер-Министра-Министр финансов РК выступил с приветственной речью на VII выставке отечественных производителей «ULTTYQ ONIM»
Сегодня Заместитель Премьер-Министра - Министр финансов РК Ерулан Жамаубаев выступил с приветственной речью на VII выставке отечественных производителей «ULTTYQ ONIM».
В открытии выставки приняли участие аким г. Алматы Ерболат Досаев, председатель правления АО «НУХ «Байтерек» Канат Шарлапаев, председатель правления АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» Гаухар Бурибаева, депутаты Парламента РК и представители бизнеса.
В своем выступлении Жамаубаев Е.К. отметил, что стратегической целью является увеличение доли малого и среднего бизнеса в экономике до 40% к 2030 году. В этой связи, Правительством создаются все необходимые условия для открытия и введения бизнеса. В рамках национальных проектов осуществляется субсидирование процентных ставок, предоставляются гарантии по кредитам, льготные займы и другие меры поддержки.
В моно-, малых городах и сельских населенных пунктах внедрено льготное микрокредитование по ставке 5% для конечного заемщика.
Снижена максимальная сумма кредитования с 7 до 3 млрд. тенге, что позволяет обеспечить больший охват мерами господдержки субъектов малого и среднего бизнеса.
А также, реализуется программа «Экономика простых вещей».
По ряду приоритетных видов деятельности срок субсидирования процентной ставки увеличен с 5 до 7 лет. В целях расширения развития обрабатывающей промышленности перечень видов деятельности для оказания поддержки увеличен со 151 до 267.
Финансирование «Дорожной карты бизнеса» увеличено до 224 млрд. тенге в год.
В рамках поддержки малого и среднего бизнеса в этом году через Фонд «Даму» запланировано субсидирование более 20 тыс. проектов и гарантирование свыше 18 тыс. проектов. В целом, через инструменты Фонда «Даму» оказана поддержка более 187,5 тыс. проектам предпринимателей во всех регионах страны, на общую сумму кредитов почти 11,0 трлн. тенге.
Принимаются дополнительные меры по поддержке массового предпринимательства. Внедряется новая регуляторная политика. С января текущего года опубликован Реестр обязательных требований. Теперь проверки не будут проводиться по требованиям, которых нет в Реестре.
В текущем году в законодательстве отменяются 10 тыс. излишних требований для бизнеса. Это значительно сократит количество проверок. До конца т.г. будет полностью завершена автоматизация системы управления рисками.
Совместно с бизнес-сообществом ведется работа над проектами нового Налогового кодекса. В Парламент внесен 9-й пакет законодательных поправок, направленных на улучшение условий для ведения бизнеса.
Налажен системный и конструктивный диалог между Правительством и бизнесом.
Созданная по поручению Президента диалоговая площадка с бизнесом «Совет отечественных предпринимателей» показала свою эффективность, отметил Ерулан Жамаубаев.
Пресс-служба Министерства финансов РК
Бүгін «ULTTYQ ONIM» отандық тауар өндірушілердің VII көрмесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құттықтау сөз сөйледі.
Көрменің ашылуына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен бизнес өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Е.К. Жамаубаев экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2030 жылға қарай 40%-ке дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылатынын атап өтті. Осыған орай Үкімет бизнесті ашу және жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Ұлттық жобалар шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, кредиттер бойынша кепілдіктер, жеңілдікті қарыздар және басқа да қолдау шаралары ұсынылады.
Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде түпкілікті қарыз алушы үшін 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті микрокредит беру енгізілді.
Несиелеудің ең жоғары сомасы 7-ден 3 млрд.теңгеге дейін төмендетілді, бұл шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен көбірек қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.
Қызметтің бірқатар басым түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуды кеңейту мақсатында қолдау көрсету үшін қызмет түрлерінің тізбесі 151-ден 267-ге дейін артты.
«Бизнестің жол картасын» қаржыландыру жылына 224 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Шағын және орта бизнесті қолдау аясында биыл «Даму» Қоры арқылы 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау және 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру жоспарланған. Жалпы, «Даму» Қорының құралдары арқылы еліміздің барлық өңірлерінд, жалпы сомасы 11,0 трлн. теңге құрайтын, 187,5 мыңнан астам кәсіпкерлер жобасына қолдау көрсетілді.
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жаңа реттеу саясаты енгізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Міндетті талаптар тізілімі жарияланды. Енді тексерулер тізілімде жоқ талаптар бойынша жүргізілмейді.
Ағымдағы жылы заңнамада бизнес үшін 10 мың артық талаптар жойылады. Бұл тексерулер санын айтарлықтай азайтады. Осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру толығымен аяқталады.
Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп жаңа Салық кодексінің жобаларымен жұмыс жүргізілуде. Парламентке бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 9-шы топтамасы енгізілді.
Үкімет пен бизнес арасында жүйелі және сындарлы диалог орнатылды.
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Отандық кәсіпкерлер кеңесі» бизнеспен диалог алаңы өзінің тиімділігін көрсетті, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі