Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...

Информация о документе
Датачетверг, 29 января 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 29 января 2015

Осы редакция 2016 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

9-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін тәртіптік жазаға тарту
ережесі

(2015.29.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазалар

 

1. Ішкі істер органдарындағы тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.

2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) лауазымынан босату;

6) арнаулы атағын бір сатыға төмендету;

7) ішкі істер органдарынан шығару;

8) ішкі істер органдарының басшылары немесе уәкілетті басшылары берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, ішкі істер органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін.

3. ІІМ оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) тәртіптік жазалардан басқа, сондай-ақ нарядқа - 2 нарядқа дейін жұмысқа тарту және әскери есепке қоя отырып, оқу орнынан шығару жөніндегі қосымша жазалар қолданылады.

 

 

2. Тәртіптік жаза салудың негіздері мен шарттары

 

4. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық, құқық бұзушылық пен құқыққа қарсы басқа да іс-әрекеттерді жасауы тәртіптік жаза салу үшін негіз болып табылады.

Жазаларды қолдану қатаңдауынан бастап аса қатаң түріне дейін жүзеге асырылады. Егер теріс қылық алкогольдік немесе өзге мас күйде қызмет (кезекшілік) атқару уақытында және басқа да қызметтік міндеттерді атқару кезінде жасалса, жауапкершілік дәрежесі өседі.

5. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін анықтау кезінде қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы және мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдарлардың болуы және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом