Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.27.08. № 51/03 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 20/02 қаулысына
5-қосымша
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/01 Қаулысымен күші жойылды
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.27.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беруші Қарағанды облысының кент, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация). Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.