Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 138/5 қаулысымен
бекітілді
Осы редакция 2015 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы болып табылады (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Өтініш және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар тізбесі рәсімді бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет алуға көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды тіркеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдауы - 15 минут;