Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 332 қаулысымен бекітілген
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) штат кестесі бойынша психиатр-дәрігер көзделген медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - психиатр-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес психоневрологиялық диспансердің берген анықтамасы.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл
тәртiбiн сипаттау