«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 368 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімді шығару нысаны мен мерзімдерін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4) және 31-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санатын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсынудың, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
31-2) цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін әзірлеу;
31-3) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тәртібін, тізбесін және нысанын әзірлеу;
31-4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын әзірлеу;