Введите номер документа
Прайс-лист

«Termincom.kz» жүйесі мен заңнамадағы терминдер бірізділігінің кейбір мәселелері

Информация о документе
Датапонедельник, 19 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 19 декабря 2022

«Termincom.kz» жүйесі мен заңнамадағы терминдер бірізділігінің кейбір мәселелері

 

Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді ретке келтіру мәселелерін қазақ тілі мамандары көптен бері зерттеп келеді. Қазақ терминдерін зерттеу, оларға ғылыми тұрғыдан баға беру, терминдер жүйесін ретке келтіру және оны жинақтап шығару проблемаларына арналған еңбектер 1940 жылдардың аяғынан бастап жарық көре бастады. Бұл жұмысқа ғалымдар С. Бәйішев, Н. Сауранбаев, Ә. Сатыбалдин. С. Аманжолов,

Ә. Әбдірахманов, Т. Шонанов, Х. Досмұхамедов, Н. Төреқұлов сияқты зиялы ғалымдар және басқалар үлкен еңбек етіп, атсалысты. Өзекті мәселелердің бірі ретінде термин сөздердің бірізді болуы ғалымдардың назарынан қалыс қалмады. Мәселен, олар зерделеніп отырған терминдердің атауы, яғни «термин» деген атаудың өзі 1920 – 1930 жылдар аралығында бірде «термин», бірде «пән сөздері» немесе «жат сөздер», «шет сөздер» болып түрліше қолданылатынын да атап көрсеткен [1, 24-25-б.].

Талдау нысаны ретінде «экологиялық зілзала» деген сөз орамы алынды. Осы терминнің қолданыстағы Экология кодексінің 404-бабының 2-тармағындағы анықтамасы оның антропогендік қызмет немесе әдеттегі табиғи процестер нәтижесінде халық денсаулығының елеулі нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуына және (немесе) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жай-күйінің нашарлауына алып келген қоршаған ортаның терең орны толмас өзгерістері болған аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал екенін білдіреді.

Сонымен қатар «экологическое бедствие» деген терминнің қолданыстағы заңнамада «экологиялық қасірет», «экологиялық апат», «экологиялық зілзала» деп қолданылғаны төмендегі кестеде көрінеді.

 

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы

бүкіл мәтінде «экологиялық қасірет»

«экологическое бедствие» [2]

2.

ҚР Еңбек кодексінің 127-1-бабы

«экологиялық апат»

«экологическое бедствие» [3]

3.

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы кіріспесінің бірінші абзацында,

4-бабының төртінші бөлігінде

«экологиялық апат»

«экологическое бедствие»

4.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»

ҚР Заңы [4]

1-баптың 28) тармақшасында

 

«экологиялық зiлзала»

«экологическое бедствие»

1-баптың 62) тармақшасында

«экологиялық зiлзалалар - табиғи тепе-теңдiк бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:...»

62) экологические бедствия - экстремальные экологические факторы нарушения природного баланса, связанные с изменением:..

6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында, 9-баптың 2, 3-тармақтарында

«экологиялық апат»

«экологическое бедствие»

5.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы 24-бабының

1-тармағының 4) тармақшасында

«экологиялық апат»

«экологическое бедствие» [5]

6.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 12-бабының 9) тармақшасында, 13-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында, 68-бабының 8) тармақшасында

 

«экологиялық зiлзала»

«экологическое бедствие» [6]

7.

ҚР Экология кодексінің 87-бабының 5) тармақшасында және мәтін бойынша

 

«экологиялық зілзала»

«экологическое бедствие» [7]

 

404-баптың 2-тармағында

 

2. Экологиялық зілзала

---

8.

ҚР Бюджет кодексінің 53-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының он бірінші абзацында

 

«экологиялық апат» [8]

---

Көрсетілген тіркес термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық базасы «Termincom.kz» жүйесінде кездеспегенмен, оның сөз орындарын ауыстырып жасалған «бедствие экологическое» деген баламасы кездеседі. Ол төмендегі кестеде келтірілді:

Бұдан оның 2005 жылы «экологиялық апат» деп бекітіліп, экология саласында «экологиялық нәубет» деп іске асқаны көрінеді.

Сонымен бірге талдап отырған тіркеске ұқсас «зона экологического бедствия» баламасын осы базадан іздеу нәтижесінен оның 2022 жылы «экологиялық нәубет аймағы» деп бекітілгенін, ал бірнеше салада:

экология саласында – «экологиялық нәубет белдемі»;

геология, геодезия және гоеграфия саласында – «экологиялық апат зонасы»;

заңтану саласында «экологиялық нәубат аймағы» деп қолданылатын көруге болады [9].

Көркем әдеби тіл салаларына терминдерді жарыспалы қолдану, ал заң тіліне, керісінше, бірізділік қағидатын сақтап қолдану тән екенін тұжырымдауға болады.

Заңнама саласында кез келген актіні жазу барысында мәтінде осы салаға тән терминологияның бірізділігі сақталуы керек. Ол құқықтық актілер саласындағы заңнамада мәтiннiң жазылу стилiне қойылатын ережелермен бекітілген [10]. Бұған қоса әдістемеде актілердің бірыңғай деректемелері, құрылымы, бірыңғай терминология, заңдық конструкциялар мен тұжырымдардың пайдаланылатыны түсіндірілген [11, 8-б.]. Яғни мәтіндегі бірдей терминдер, сөз орамдары қайталанған жағдайда олар біркелкі жазылу керек. Өйткені заңнамалық актінің бастапқы нұсқасын түзету түрлерінің біріне сәйкес норма мәтінінен сөздерді, цифрларды, құрылымдық бөліктерді алып тастаған кезде әртүрлі редакцияда берілген сөздер қиындық келтіреді. Мысал ретінде Азаматтық кодекстің кейбір нормалары төмендегі кестеде көрсетілді.

 

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1.

4. Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда,... (1-бап)

4...., за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами.

2.

2.... заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда,... (8-бап)

2...., за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами.

3.

2. Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда,... (11-бап)

2. Не допускается, за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами,...

4.

2.... заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,... (33-бап)

2...., за исключением случаев, предусмотренных настоящим Кодексом [12]...

 

Бұл мысалдан орыс тілінде «случаев» деген сөзді алып тастау арқылы түзету енгізу қажет болған кезде қазақ тілінде оның «реттерде», «жағдайларда» деген баламаларының түзетілетіні анық көрінеді.

Іскери жазу мәнерінде терминнің біркелкі болуын қамтамасыз етудің бір жолы – автоматтандырылған жүйелерді қолдану. Қазіргі құжат айналымы кез келген құжаттың қағаз нұсқасымен бірге электрондық нұсқасын да қатар әзірлеуді талап етеді. Терминдер бірізділігі қағидатының сақталғанын не сақталмағанын тексеруде электрондық құжат басымдыққа ие. Себебі құжаттың көлеміне қарамастан, онда іздеу функциясын пайдаланып, мәтіндегі терминдер мен сөздерді бірізділікке келтіру мүмкіндігі өте жоғары.

Қорытындылай келе, заң шығару барысында кез келген саладағы түпкілікті құжаттың электрондық жобасына мониторинг жүргізу арқылы терминдерді бірізділікке келтіру жұмыстарын ұдайы жүргізу қажет. Шолу жасалған базада қолданыстағы ресми-іскери стильде берілген терминдерді көркем әдеби тілде бекітілген баламаларынан бөліп, жеке айдар арнаған орынды.

 

Әдебиет пен көздер

 

1. А. Исанова. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі заң терминдері (оқу құралы) –

2. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті – Алматы: 2001 ж.. – 146 б.

3. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы. URL:https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z920002600_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414/. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z010000242_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

6. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

7. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000527/compare. Қаралған күні: 1.12.2022 ж.

8. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000094_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

9. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000094_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

10. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K080000095_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

11. «Termincom.kz» бірыңғай республикалық терминологиялық база

12. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

13. Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (заң техникасы): Әдістемелік құрал / Авт. ұжым басш. мен ред.

14. Р.Қ. Сәрпеков – Астана: «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ, 2019. – 160 б.

15. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_/compare. Қаралған күні: 12.12.2022 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами