Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 642 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 21 сентября 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 августа 2022

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 642 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:

«14-3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мониторингті жүзеге асыру және ғылымды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта білімнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

16-2) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-4) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

16-5) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

«17-2) ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту;»;

31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«31-1) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом