Введите номер документа
Прайс-лист

«Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын және «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 330 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 25 мая 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2022
Дата последнего изменениясреда, 25 мая 2022

Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын және «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 330 Қаулысы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жалпы ауданы 314504,1 гектар Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары немесе табиғи географиялық шептер бойынша Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің шекарасын белгілесін.

3. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

4. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының босалқы жерлері санатынан жалпы ауданы 343040,1 гектар жер учаскелері алынсын.

5. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағындағы осы қаулының 4-тармағында көрсетілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом