Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.08.12. № 631 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
3-қосымша
«Салық төлеушілерді тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.08.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі - СТМДБ) енгізу - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті қабылдағанын растайтын құжат немесе тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы құжат - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.