«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-93 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы № ҚР-ДСМ-102 бұйрығымен күші жойылды
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 28 мамырдағы хаттамасының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20304 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға және қауіп тобына тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшерлерінде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әрі - ЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңды ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.»;
4-тармақта: