«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 924 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар»;
«Стратегиялық мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:
бөлім бойынша:
«А.В. Цой», «Е.А. Біртанов», «С.Қ. Жақыпова», «Б.Б. Нұрымбетов», «А.Д. Құрманғалиева» деген сөздер алып тасталсын;
«Стратегиялық мақсат» деген сөздер «Мақсат» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 3.1-стратегиялық мақсатта:
«2016 жыл» деген бағанда:
реттік нөмірі 4-жолда «64,5» деген сандар «82,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен қамту» деген реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| « |
| 5. | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту: | Вице-министр | ДСӘДМ деректері | % | | | | | | | |
| жұмыссыздарды | - | - | - | 52,0 | 60,4 | 52,2 | 52,3 |