«Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 606 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің келесі түрлері жатады:
1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.
Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды.
Бұрын берілген ұсынымдарды іске асыру үшін құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау жағдайларын қоспағанда бір жеке тұлғаға бір мәселе бойынша бір реттен артық құқықтық консультация беруге жол берілмейді;